Үрімшідегі қақтығыста ең кем дегенде 156 адам қаза тапты

АСТАНА.  Шілденің 10-ы.  ҚазАқпарат -  Қытай  өкіметі       халық толқуы  орын алып жатқан    Үрімшідегі  жұма күнгі  намазға мешіттерді ашпауға   өкім   берді.
None
None

Мұсылман-ұйғырлар  мен     қытайдың    негізгі  ұлты - ханьдықтардың арасында    орын  алған қақтығыстарда,  соңғы бірнеше күнде   ең кем дегенде 156 адам қаза тапты,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме  жасап.

 Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің  орталығы - Үрімші  қаласына  тәртіп  орнату үшін  мыңдаған    сарбаздар мен офицерлер     орналастырылды.   Қытай өкіметі     тәртіпсіздікке  қатысушыларды «қатаң  жаза» күтіп тұрғанын мәлім етті.

 Есімін  атамаған ресми тұлғаның  «Ассошиэйтед пресс» агенттігіне  хабарлауынша,   Шынжаң тұрғындарының мешіттерге  жиналмай, «үйлерінде  тыныш отырып,  дұға  еткені  жөн».

 Осы  шенеуніктің айтуынша,   мешіттерді  жабу  туралы   өкім қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз  етумен байланысты   қабылданып отыр.

Соңғы жаңалықтар