Үрімшідегі тәртіпсіздік салдарынан 184 адам қаза тапты

БЕЙЖІҢ.  Шілденің  11-і. ҚазАқпарат -   Қытайдың  Шынжаң-Ұйғыр  автономиялық өлкесінің  әкімшілік орталығы -  Үрімші  қаласында  орын алған этносаралық  қақтығыстардың  салдарынан   қаза болғандардың саны,    қытай  өкіметінің соңғы мәліметтері  бойынша,   184 адамды  құрады.     

Үрімшідегі    тәртіпсіздік  салдарынан  184  адам қаза тапты

Шынжаң  үкіметінің  бұқарамен  байланыс жөніндегі    басқармасынан   хабарлағанындай,   қаза болғандардың 137-сі - қытайлық   ханьдар,    46-сы -    мұсылман  ұйғырлар. Қаза болған тағы бір  адам     басқа этникалық топтың өкілі болған.   

Бұған дейін Қытай  өкіметі,   Шынжаңдағы      толқудың салдарынан 156 адамның  қаза тапқанын   хабарлаған болатын.