Үрімшідегі тәртіпсіздіктер кезінде жасалған қылмыстарға кінәлі 9 адам өлім жазасына кесілді - Қытай

АСТАНА.  Қарашаның  10-ы.  ҚазАқпарат -   Қытайда     Шынжаң-Ұйғыр  автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы - Үрімші  қаласында     шілде айындағы  тәртіпсіздіктер кезінде  жасалған қылмыстарға   кінәлі  деп     танылған 9 адам өлім жазасына кесілді.

Үрімшідегі   тәртіпсіздіктер  кезінде жасалған   қылмыстарға  кінәлі  9 адам өлім жазасына кесілді  - Қытай

Бұл туралы   елдің  мемлекеттік  бұқаралық ақпарат   құралдарына сілтеме  жасап  ИТАР-ТАСС агенттігі  хабарлап  отыр.

Үрімшідегі бүлікшілік  ісі бойынша      барлығы 12 адам өлім жазасына    кесілді.

Олардың барлығы   кісі өлтіру,   тонау    қылмыстары  үшін   кінәлі   деп танылған  болатын.    Шілденің 5-інде Үрімшіде  орын алған     бүлік пен    тәртіпсіздіктердің    салдарынан 197 адам    қаза болып,  тағы 1,6 мыңнан астам   жергілікті тұрғын  жараланған еді.