Үрімшідегі жағдай әлі де басылмай тұр

БЕЙЖІҢ. Шілденің  9-ы.  ҚазАқпарат -   Қытайдың  Үрімші  қаласындағы жағдай (Шынжаң-ұйғыр автономиялық өлкесі), көшелердегі салыстырмалы    түрдегі тыныштыққа  қарамастан, әлі де  болса басылмай  тұр,
None
None

деп   хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме жасап.

2,3 миллион    халқы бар   қаланың үстінен ерсілі-қарсылы   ұшқан  тікұшақтар     тұрғындарды     қоғамдық тәртіпті   сақтауға   және      этносаралық   қақтығыстарды тоқтатуға   шақырған  үнпарақтар таратуда.  Мұздай   құрсанған Қарулы  халықтық  полициясының  әскери қызметкерлері      Үрімші көшелерінде  жүр.   Ал көшелердің  қиылысында  сауытты  техникалар тұр.

Дегенмен,  қытайлық бұқаралық ақпарат  құралдары   оқтын-оқтын    қақтығыстардың  орын  алып  жатқанын   хабарлап  отыр.  Зардап шеккендер  туралы  ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар