Үрімшіге ұшып бара жатқан ұшақта мина болған

АСТАНА.  Тамыздың  10-ы. ҚазАқпарат -  Ауғанстаннан  ұшып шығып,     Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық   өлкесінің әкімшілік орталығы  Үрімші  қаласының әуежайына  қонуы  керек болған    ұшаққа мина қойылған болып шықты,  деп  хабарлайды   РБК агенттігі.

Үрімшіге     ұшып бара жатқан    ұшақта мина  болған

Бұл туралы   өлке әскери полициясының өкілдері  хабарлап  отыр, олар бұған дейін  ұшақты  белгісіз біреулердің басып алғанын   мәлім еткен болатын.    Ал өлке   өкіметі     ұшақтың әуежай алаңына қонуына жол бермеуге     бұйрық берген  еді.

Кейбір мәліметтер  бойынша,  ұшақ  Қандағарға  қонған.  Бұл туралы дипломатиялық   дерек көздер     хабарлап  отыр.  Бұл оқиға    ислам  лаңкестерінің    Қытай  билігінің атына айтқан   қоқан-лоқыларымен байланысты  болуы мүмкін.  Естеріңізге сала кетейік,  «Түркістанның  Ислам партиясы»   лаңкестік  тобы    Шынжаңдағы    ұлтаралық  қақтығыста   қаза  тапқан мұсылман ұйғырлар  үшін кек  алатынын  мәлім еткен    болатын.