«Үрімжі - Алматы» пойызынан 2 центнерден артық иесіз қытайлық тауар табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар 2 центнерден астам халық тұтынатын тауардың иесіз екенін анықтады.

«Достық» өткізу бекетінің жасағы «Үрімжі - Алматы» пойызымен 2 центнерден астам иесіз тауардың өтіп кетуіне жол бермеді.
Вагондардың бірінедегі купелерде джинсы, футболкалар, күртелер, азық-түлік, тағам қоспасы салынған орамдар мен тіпті салмағы 208 келіні құрайтын автомобиль дөңгелектері жасырылған», - деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
Іс материалдары «Достық» көлік прокуратурасына жөнелтілді.

Соңғы жаңалықтар