Үрімжі әуежайында бес мыңнан астам адам боран салдарынан жолдарынан қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Үрімжі қаласы әуежайында қарлы боран салдарынан 5 мыңдай адам ұша алмауда, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Үрімжі әуежайында бес мыңнан астам адам боран салдарынан жолдарынан қалды

Үрімжіде дүйсенбіде қарлы боран болатыны хабарланды. Салдарынан Үрімжі әуежайы жабылды.

  Жергілікті уақыт бойынша 10.00-де 42 авиарейс кейінге қалдырылды.