Үрімжіде автобус отқа оранды
БЕЙЖІҢ. 5 тамыз. ҚазАқпарат - ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығыҮрімжі қаласында қоғамдық автобус жанып кетті - 1 адам қаза болды,
алты адам зардап шекті, деп хабарлады Қытайдың орталық телеарнасы.
Бүгін Бейжің уақытымен11:30-де ішінде жолаушылары бар рейстік автобус отқа оранды. Жүргізуші мен екі жолаушы жедел жәрдемнің көмегімен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Апат салдарынан 1 адам қаза болды, 6 адам түрлі жарақат алды. Автобустың өртену себептері белгісіз.
Оқиға орын алған жерде іздеу-құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр.