Үрімжіде Шыңжаң қазақтарының кезекті ақындар айтысы өтіп жатыр

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/ - Қытайдағы қандастарымыз арасында 5 жылда бір рет өткізілетін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің 3-ші кезекті ақындар айтысы кеше Үрімжі қаласында салтанатпен басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың «Тәңіртау» сайтына сілтеме жасап.

Ақындар айтысының ашылу рәсіміне, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің төрағасы Нұрбәкір қатысып, сөз сөйледі.

Қытай еліндегі бір жарым миллионнан астам қандастарымыз үшін, «Ақындар айтысы» сынды дара өнердің алатын орны бөлек. Қазақтар тұратын облыс, аймақ, аудандарда түрлі дәрежедегі ақындар айтысын әр жыл сайын өткізіп отыру дәстүрге айналған. Ал мемлекеттік дәрежедегі 5 жылда бір рет өтетін бұл жолғы аламан айтысқа Шыңжаңның әр түкпіріндегі қазақтар қоныстанған облыс, аймақтар және Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданының ақындары қатысады. Айтыс аламанында әр жерден сараланып жіберілген 48 ақын бақ сынамақ. Сонымен бірге осы кезекті ақындар айтысына орайластырып, «Айтыс зерттеу мемлекеттік ғылыми талқы жиынын» өткізу де жоспарға енгізілген.

Қазақ халқының ақындар айтысы 2006 жылы Қытайдың мемлекеттік деңгейдегі мәдени мұраларды қорғау тізіміне кірген болатын.

Соңғы жаңалықтар