Үркер ауылының тұрғындарын не алаңдатып отыр: Елорда әкімі жергілікті халықпен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкім Жеңіс Қасымбеков бүгін елорда маңындағы Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырып отырған мәселелер туралы тілдесті. Ол туралы қала басшысы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Олар инженерлік, электрмен жабдықтау желілерін жөндеу, әлеуметтік нысандар, аялдамалар, жол салу, абаттандыру, көгалдандыру сияқты өзге де бірқатар. мәселелерді көтерді. Елді мекенді дамытудың жалпы жоспарын құрамыз, ең алдымен шешілуі тиіс міндеттерді және екінші кезеңде қолға алу қажет мәселелерді анықтаймыз»,-деді шаһар басшысы.

Бірінші кезектегі міндет - Үркер елді мекенінде кәріз және электрмен жабдықтау желілері проблемасын шешу. Біз мұны бірінші кезекте орындаймыз. Сол сияқты бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мәселен мердігерлерге биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтау міндеті тапсырылды.

Сондай-ақ осы елді мекенде екі мектеп (2024 жылы және 2025 жылы пайдалануға беріледі) саламыз. Қалада келесі оқу жылына 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп (2 ауысымды) саламыз. Олардың құрылысын биылдан бастаймыз.

«Астанада 16 елді мекен бар. Елорданың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады. Әрбір елді мекеннің тұрғындарымен жеке кездесемін. Аудандар мен елді мекендерді дамыту жоспарын бірлесіп анықтаймыз»,-деді Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар
telegram