«Үркер» ұлттық сыйлығы: «Жылдың үздік фотосуреті» анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауының «Жылдың үздік фотосуреті» аталымының жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жылдың үздік фотосуреті» аталымына 4 үміткер іріктелген болатын.
Оспан Әли - egemen.kz
Аслан Мусенов - avesyin.kz
Досжан Балабеков - https://kazgazeta.kz
Жұмабай Мұсабеков-https://cloud.mail.ru/public/43NX/2rw3DLY5r
Қазылар алқасының жасырын дауыс беруі нәтижесінде бұл төрттіктің арасынан egemen.kz фотографы Оспан Әли үздік деп танылды.
Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауының қорытындысы биыл ресми бекітілген БАҚ қызметкерлері күніне дөп келіп отыр.