Ұрланған картиналар бәссаудада 1,5 миллион долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әсіре ұлтшылдар қолды қылған төрт картина Нью-Йорктегі Sotheby's бәссауда үйінде 1,5 миллион долларға сатылды.

Ұрланған картиналар бәссаудада 1,5 миллион долларға сатылды

Олардың ішіндегі бағалысы белгілі голландиялық суретші Геррит ван Хонтхорсттың (1590-1656) туындысы болды. Бәссауданы ұйымдастырушылар оны 2-3 млн. долларға сатылады деп есептеген болса, картина бейсенбі күні 7,6 млн. долларға саудаланды.

Сонымен бірге, коллекция жинаушылардың назарына Эль Греко, Кіші Питер Брейгель, Якоб Охтервелт пен басқа да танымал шеберлердің жұмыстары таныстырылды. Жекелей алғанда, Эль Греконың (1541-1614) «Благовещение» туындысы 5,9 млн. долларға, Кіші Питер Брейгельдің (1564-1636) «Жаз» картинасы 5,2 млн. долларға, оның тағы бір туындысы - «Құстарға арналған тұзақ» 2,7 млн. долларға, Якоб Охтервелтаның «Үй фойесінде баламен отырған күтуші» шығармасы 4,4 млн. долларға сатылды.