08:11, 06 Қараша 2013 | GMT +5
Ұрланған мотоцикл 46 жылдан кейін иесіне тапсырылды
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Омаха қаласында тұратын 72 жастағы азаматқа полиция қызметкерлері 46 жыл бұрын ұрланған мотоциклін тауып берді.

Triumph Tiger 100 маркалы мотоцикл зауыттан 1953 жылы шығарылған. Тәртіп сақшылары оны Лос-Анджелес қаласының портынан тауып алды. Осы уақытқа дейін ұрланған көлік кімде болғаны және оны нақты кімнің ұрлағаны туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Бүгінгі таңда тарихи жәдігерге айналған мотоциклдің құны 9 мың долларды құрап отыр. Яғни, өзінің алғашқы бағасынан 30 есеге қымбат.
Ал, ұрланған дүниесін жарты ғасыр бойы күткен зейнеткердің қандай қуанышта болғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, деп жазады Baq.kz.