Ұрланған телефондарды балқытып жіберудің әдісі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар ұрылардың қолында кеткен телефондардың электронды платасын балқытып жіберуге болатын технология ойлап тапты.
Аталмыш технологияны ұялы телефондарға ғана емес, банк карталарына да қолдану көзделуде. Мысалы, қалта телефонын ұрлатып алған адам, телефонына қашықтықтан бұйрық беру арқылы оны жарамсыз ете алады. «Біздің «тұрақсыз материалдар» электронды платаларды тез арада балқытып жіберуге мүмкіндік туғызады», - дейді Айова университетінің машина жасау факультетінің ғалымдары.
«Тұрақсыз материалдар» - белгілі бір импульстар берілген тұста жым-жылас жоқ болып кететін полимерлер.