«Үрлітөбе» бекетінде бидай аралас кебек Ресейге кері қайтарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Павлодар облысындағы «Үрлітөбе» фитосанитариялық бақылау бекетінде Ресейден бидай кебегі ретінде көрсетілген бидайды Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолы кесілді.
Автокөлік құралын тексеру барысында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мамандары ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер мен жүктің нақты құрамының сәйкес келмейтінін анықтады.
Тексеру нәтижесінде көлік құралында кебекпен қатар бидай дәні де болғаны белгілі болды.
Бидайды автомобиль көлігімен тасымалдауға қойылатын шектеулерді және ілеспе құжаттардағы мәліметтердің нақты жүк құрамына сәйкес келмейтінін ескере отырып, жүкті экспорттаушы елге кері қайтару туралы шешім қабылданды.
Айта кетелік елімізге шетелден әкелінген өнімдерден қауіпті карантиндік объектілер анықталған еді.