Ұрпағымыз ата-бабаларының ерлігін мақтан тұтуы тиіс - еңбек ардагері

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс күні біз үшін ұлы мереке. Бүгін елордадағы «Отан қорғаушылар» монументі алаңында өткен мерекелік шара барысында еңбек ардагері Қуаныш Қайсаталов осылай деді.
None
None

«Бұл жеңіс үшін біздің ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша фашистік Германиямен соғысты әрі жеңіс бізге зор адами шығынмен келгені белгілі. Сондықтан да біз және біздің ұрпақтарымыз ата-бабалары жасаған ерлікті әр кезде де жадында сақтап, қастерлеп, мақтануы тиіс», - деді еңбек ардагері.

Соңғы жаңалықтар