Уругвайда марихуананың грамын бір доллардан сататын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уругвай билігі елдегі марихуананың сатылымын реттейтін заң жобасын жариялады, деп жазады Би-Би-Си.
Құжатқа сәйкес, лицензияланған дәріханалар марихуананың бір грамын бір доллардан жоғары бағаға сатпайды. Оны тұтынушыларға айына 40 грамм марихуана сатып алуға рұқсат етіледі. Заң жобасында әрбір үй шаруашылығында марихуананың 6 түбін өсіруге болатыны да айтылған.
Уругвай марихуананы толықтай заңдастырған бірінші ел. 2013 жылғы желтоқсанда осы мемлекеттің сенаты марихуананы таратып, сатуды толығымен қамтамасыз ететін заң жобасын қабылдаған болатын.