Уругвайдың 14 жастағы қақпашысы кеңестік фильмдегі ерлікті қайталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уругвайдың жасөспірімдер біріншілігінде кеңестік «Вратарь» фильміндегі шешуші сәт қайталанды. Фильмде басты кейіпкер КСРО құрамында өнер көрсеткен қақпашы Антон Кандидов батыс кәсіпқойлары «Чёрные буйволы» командасының қақпасына жалғыз гол соғып, матч тағдырын шешкен болатын.
Еске сала кетейік, атақты кинода голкипер кеңес командасының қақпасына соғылған допты қолымен қағып алып, кейін өзі ойынға кірісіп, қарсыластың жарты командасын айласымен жеңіп, бос қақпаға гол соқты. Уругвайлық «Насьональ» академиясының 14 жастағы қақпашысы Гильермо Центурион «Пеньярольге» қарсы ойында осы ерлікті қайталады.
Оның гол салған сәті түсірілген видеоны YouTube-тен көргендер саны 300 мыңнан асты.