Ұры айдап әкеткен көліктің жүксалғышынан 70 қаздың етін тауып алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық ІІД «Алматы» аудандық ІІБ-ге Петропавл қаласының тұрғыны шағымданды. Астанада түн ортасында өз туыстары тұратын тұрғын үй ауласынан бейтаныс азамат оның «Ниссан» маркілі автокөлігін айдап кеткен. Жеке заттармен қатар, көлікте елордаға сату мақсатымен әкелген 70 қаздың тұтас еті болған.

Ұры айдап әкеткен көліктің жүксалғышынан 70 қаздың етін тауып алған

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Іздестіру шараларының барсында полицейлер ұрыны анықтап, құрықтады. Оның елорданың 23 жастағы тұрғыны екендігі анықталды. Ұсталынған азаматтың айтуынша, көліктің жүк салғышындағы қаздың тұтас еті ол үшін күтпеген жайт болған. Көлікті айдап кетумен қатар, қаздың тұтас еттерін достары мен таныстарына «сыйлық» ретінде таратып берген.

Қазіргі уақытта, елордалық полиция қызметкерлерінің арқасында көлік жәбірленушіге қайтарылды. Ал айдап кетуші олжа болып жолыққан 70 қаздың тек 4-еуін ғана қайтарып берді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы бойынша («Ұрлық») қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ұсталынған азаматтың бұрың-соңды автокөлік құралдарын айдап кету қылмыстарына қатыстығы анықталуда.