Ұры әйел бейнекамераның көмегімен қолға түсті - Маңғыстау облысы

АҚТАУ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтау қаласындағы ірі сауда дүкенінен бейнеплеер ұрлаған әйел бейнекамераның көмегімен қолға түсті,

Ұры әйел бейнекамераның көмегімен қолға түсті - Маңғыстау облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 МО ІІД баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сүйенсек, кішкентай баласын жанына ерткен жас әйел қаладағы тұрмыстық техникалар бұйымын сататын «Технодом» дүкеніне кіріп, одан көлемі кішкентай, бағасы 56 мың теңге тұратын видеоплеерді ұрлап алады.  

  Алайда өзін түсіріп тұрған бейнекамераның бар екенін білмеген ол бірден құқық қорғау органы қызметкерлерінің қолына түсті.

 «Тергеу кезінде еш жерде жұмыс жасамайтын әйел ол бейнеплеерді не үшін ұрлауға әрекет еткенін айтпады. Жалпы мұндай жұмыссыздардың қаламызда зат ұрлау фактілері көп. Қазір үйді тонау екінші орынға қалып, ұрылар офистер мен магазиндерді үптеуге кірісті», дейді ІІД қызметкері Қасым Мошанов.

 Қазір қалада  ең көп ұрланатын тауар түрлері - компьютерлік құрал-жабдықтар болып отыр.