Ұры деп ойлаған әкесі өз ұлын атып өлтірді
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Коннектикут штатындағы Нью-Фэйрфилд қаласының тұрғыны, мектеп мұғалімі Джеффри Джулиано қателесіп, өз ұлының ажал құшуына себепкер болды.
Көршілерінің үйіне ұры түскенін байқап қалған ол тапаншасын ала ұмтылған.
Бетперде киген әлгінің қолынан пышаққа ұқсас затты көріп қалып, оқ атады. Бір өкініштісі, қылмыскер деп ойлаған жан оның 15 жастағы өгей ұлы болған. Бала оқиға болған жерде ажал құшты. Қазір осынау келеңсіз жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.