Ұрылар Айвазовскийдің картинасын мұражайға қайтарды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұрылар Иван Айвазовскийдің «Қырымдағы теңіз пейзажы» атты картинасын Қырғыз елінің бейнелеу өнері мұражайына қайтарған.

Ұрылар Айвазовскийдің картинасын мұражайға қайтарды

Әйгілі суретшінің қаламынан 1866 жылы туған бұл картина қырғыз мұражайынан өткен жүзжылдықтың басында орын тепкен. Өнер туындысын ұрылар жаңа жылдың алдында, мұражай қызметкерлерінің корпоративті кеші ұйымдастырылып жатқан сәтте жымқырып кеткен.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, мамандар құнын 40 мың долларға бағалаған қылқалам туындысын тонаушылар мұражай ғимаратының ішіне лақтырып кеткен.

Сәл бұрын осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен мұражай қызметкерлерінің бірі ұсталған болатын. Енді оған тағылған барлық айыптар алынып тасталады. Қылмыс үстінде ұры суретті рамасынан аяусыз кескілеп алғандықтан, мамандар шығарманы қалпына келтіру мүмкіндігіне күмән келтіріп отыр.