Ұрылар екі мың тышқан тиелген жүк көлігін айдап әкетті

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Миссури штатының Сент-Чарльз қаласының екі тұрғыны медициналық зерттеулерге арналған 2000 тышқаны бар жүк көлігін айдап әкетті.

Ұрылар  екі  мың тышқан тиелген жүк көлігін айдап әкетті

Кеміргіштердің жалпы құны 10 мың долларды құрайды.

Lenta.ru хабарлағандай, оқиға кеше таңертең жүк көлігінің жүргізушісі көлікті қосулы күйде қалдырып, тамақтануға кеткен кезінде болған. Ол жануарларға қажетті температура көлік ішінде сақталуы үшін оны қосулы қалдырған. Қылмыскерлер терезені сындырып, көлікке енген.

Жүк көлігінде бақылау жүйесі іске қосылған екен, сондықтан жергілікті полиция 20 минут ішінде қылмыскерлерді ұстаған. Олар есірткіге тәуелді нашақорлар болып шыққан. Ер адамдар есірткіге ақша табу үшін мұндай қылмысқа барғандарын мойындады.

Айта кететін жайт, болған оқиғадан бірде-бір кеміргіш зардап шеккен жоқ, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.