Ұрылар зейнеткердің пәтерінен 7 млн рубль ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұрылар 70 жастағы мәскеу тұрғынының пәтерінен 7 млн рубльден астам ақшаны жымқырған.

Ұрылар зейнеткердің пәтерінен 7 млн рубль ұрлаған

"Интерфакс" құқық қорғау органдарындағы дерек көздеріне сілтеме жасап хабарлағандай, жапа шегуші кеше Басман аудандық полиция бөлімінің көмегіне жүгінген.

Академик Туполев жағажайында орналасқан №15 үйдегі пәтер сәрсенбіден жексенбі күні кешке дейін бос болғаны анықталған. Осы кезде қылмыскерлер баспанаға кіріп, зейнеткердің 7 млн. рубль ақшасы мен құны 200 мың рубльдік бағалы заттарын жымқырып кеткен.

Ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.