Ұрыс-керіс кезінде әйелін өлтірген отағасының қылмысы ашылды

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алматы облысына қарасты Талғар ауданы Нұра кентінде отағасының өз әйелін өлтіру қылмысы ашылды.

Ұрыс-керіс кезінде әйелін өлтірген отағасының қылмысы ашылды

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз хабарлады.

Алматы облысының ІІД Тергеу басқармасының қызметкерлері Талғар ауданы Нұра кентінде 13 шілдеде ұрыс-керіс кезінде өзінің әйелін ұрып өлтіріп, қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітін үйінің бақшасына көміп тастаған 60 жастағы осы кенттің тұрғынын құрықтады.Ал Шымкент қаласында 45 жастағы таныс әйелін өлтірген 26 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Жартылай жанып кеткен әйел адамның мәйіті 25 шілдеде Шардара қаласы Сырдария өзенінің жағасында табылған болатын. Күдіктінің қылмысты жәбірленушіні зорлағанын жасыру үшін жасағаны анықталды.