Үржар ауруханасының жылумен қамту жүйесі қалпына келтірілді

ӨСКЕМЕН. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Үржар орталық ауруханасының жылумен қамту жүйесі қалпына келтірілді. Аурухананың қазандығында бу және газ аралас жарылыс салдарынан қираған қабырғалар қайта жөнделді.

Үржар ауруханасының жылумен қамту жүйесі қалпына келтірілді

Үржар әкімі аппаратының ақпараты бойынша, палаталардағы температуралық режим +22 градус, 6 науқас осыған дейін Мақаншы ауылының ауылдық ауруханасына ауыстырылған болатын. Аталған жағдайға байланысты үйлеріне қайтарылған 24 науқас қайтадан қалпына келтірілген орталық аурухана ғимаратына жатқызылды.

Арқасы мен бетін 2-ші дәрежелі күйік шалған қазандық қызметкері жергілікті ауруханаға жатқызылды.