Үржарлық Астанаға велосипедпен келді

ҮРЖАР. ҚазАқпарат - ШҚО-да үржарлық Нұрлан Бейсембаев велосипедпен 26 маусым күні Мақаншы ауылынан  аттанып, 4 шілдеде елордаға  жетті. Бұл Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үржарлық Астанаға велосипедпен келді

Велошабандозды жора жолдастары, әріптестері 26 маусым күні салтанатты түрде шығарып салды. Ол күніне 140 шақырым жерді басып өтіп, Мақаншы, Үржар, Таскескен, Аягөз, Семей бағытымен 8 күн тоқтаусыз жүріп Астанаға жетті.    
null 

«Мен осы сапарға мұқият дайындалдым. Сүйікті қаламыз - Елордаға елімнің, туған жерімнің ыстық сәлемін жеткізу мақсатында күніне 140 шақырым жерді басып өтіп, Ақорда төріне жеттім. Бұл сапарымды Астанамның 20 жылдық мерейтойына арнаймын», - дейді Нұрлан Ақанұлы.

Айта кетейік, Нұрлан Бейсембаев ауданға белгілі кәсіпкерлердің бірі. Ол өткен жылдың қорытындысы бойынша «Парыз» конкурсының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік мекеме» номинациясының қола жүлдесіне ие болған. 

nullnullnull

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті