US Open-2016 сыйлық қоры теннис тарихындағы рекордты болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - US Open-2016 29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді.
None
None

2016 жылғы АҚШ ашық чемпионатының сыйлық қоры 46,3 миллион долларды құрап, теннис турнирлері тарихындағы ең ірісі болмақ. Бұл туралы US Open сайтынан хабарланды.

АҚШ-тағы жарыстың жеке разрядтағы жеңімпаздары 3,5 миллион доллардан, финалға шыққандар 1,75 миллионнан алады. Жұпты разрядтағы жеңімпаздар екеуі 625 мың доллар, финалға шыққандар  310 мың доллардан алады. 2015 жылғы АҚШ ашық чемпионатымен салыстырғанда сыйлық қоры 10 пайызға артады, деп хабарлады lenta.ru.

Australian Open-2016 сынында 33,5 миллион, «Ролан Гарроста» - 35,5 миллион ойнатылды, ал Уимблдон сыйлық қоры 37,2 миллионды құрады.

Соңғы жаңалықтар