US Open: Александр Шевченко бес сеттік матчта жеңіліп қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Нью-Йорк қаласында теннистен басталған АҚШ ашық чемпионатында қазақстандықтардан алғашқы болып әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко кортқа шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 101-орындағы хорватиялық, 21 жастағы Дино Прижмичке тап келді.
А.Шевченко матчты сәтті бастады – 6:2. Алайда бұдан кейін Д.Прижмич күш алып кетті – 6:3, 6:3.
Төртінші сетте есеп 5:3 болып, хорватиялық теннисші матчқа доп бергенде, қазақстандық спортшы қос брейк жасап, өз геймдерін де алды – 7:5.
Шешуші, бесінші партияда Александр брейкпен алға кетті – 2:0. Дегенмен екі матчболын пайдалана алмады – 5:5. Ақыры Прижмич ойын соңында брейк жасап кетті – 7:5.
Төрт сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 14 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Прижмич 8 эйс, 6 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Д.Прижмич үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингіде 94-орындағы Гонконг өкілі Коулман Вонның қай жеңгенімен таласады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик бірінші кездесуін рейтингіде 248-сатыдағы америкалық Джеффри-Джон Вулфпен өткізеді.
Өткен жылы АҚШ ашық чемпионатында А.Бублик төртінші айналымға дейін жетіп, әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнерге жол берген еді. Ал А.Шевченко алғашқы ойында-ақ жеңіліп қалған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталғанын жазған едік.
Сондай-ақ Дмитрий Попко Сербиядағы теннис турнирінің финалына дейін жетті.