US Open: Анна Данилина миксте жартылай финалға жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге ширек финалда қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен кездесті.
Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп 7:5 есебімен басым түсті.
Екінші сетте тай-брейкте олар жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2).
Бір сағат 42 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Данилина – Х.Хелиоваара 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдалана алды. Қытайлық-бельгиялық дуэт 8 эйспен көзге түсті.
Анна мен Харридің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Прага турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилина миксте ширек финалға шықты.