USAID Қазақстандағы АҚТВ-мен күрес бойынша жаңа бағдарлама аясында 8 млн доллар бағыттамақ (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - USAID Орталық Азиядағы АҚТВ тралуымен күрес бойынша жаңа бағдарлама қабылдады. «Көшбасы» жобасы аясында Қазақстандағы аурудың таралуымен күреске 5 жыл ішінде 8 млн доллар бағытталмақ. Аталған бағдарлама Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінде де жүргізіледі. Жобаның жалпы құны 37 млн АҚШ доллары болып отыр. Әр елге аталған соманың 20 пайызы бөлінеді.
None
None

Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанда АҚТВ жұқтырған 17 мың 700 адам тіркеуде тұр.
«Өңірлік Жоба ЮНЭЙДС «90:90:90» стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. 2020 жылға қарай адамдардың 90%-ы өздерінің АҚТВ мәртебесін білетін болады, АҚТБ дертін жұқтырғаны туралы диагноз қойылған барлық адамдардың 90%-ы антиретровирустық терапиямен тұрақты түрде қамтылады, ал антиретровирустық терапиямен қамтылған адамдардың 90%-ы вирустық жүктемені кеміту бойынша бақылауға алынады. Бағдарлама АҚТВ және ЖҚТБ дертімен өмір кешіп жүрген адамдардың өмірін сақтап қалуға бағытталған. Біз антиретровирустық терапия қабылдап, емделуді қажет етіп отырған адамдарды емдеу арқылы күресетін боламыз. Адамдар ем-дом алып жатқан кезде індеттің басқа адамдарға таралуы айтарлықтай сирей түседі», - деді Орталық Азиядағы USAID Миссиясының Өңірлік директоры Джорж Дейкун.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында ынтымақтастыққа қатысты Меморандумға қол қойылған. Аталған шара Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ұзақ мерзімге арналған ынтымақтастық шеңберінде өткізіліп отыр. Биыл инновациялар және дипломатиялық қатынастар саласындағы ынтымақтастықтың орнағанына 25 жыл толады.
null null null

Соңғы жаңалықтар