Усама бен Ладеннің көзі жойылуына қатысты Еурооодақ мәлімдеме жасады

оның өлімі әлемді қауіпсіздеу еткенін атап көрсетті. Еуроодақ Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей мен Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэля Баррозу осындай бірлескен мәлімдеме жасады.
«Усама бен Ладен мыңдаған бейбіт адамның өмірін қиған лаңкестік шабуылдар үшін жауапты. Оның өлімі әлемді қауіпсіздеу етіп отыр және мұндай қылмыстардың жазасыз қалмайтынын жұртшылыққа паш етуде. Бұл әлемді лаңкестіктен азат ету жолындағы үлкен жетістік. Жаһандық экстремизммен күресуде, барша халық үшін бейбіт, қауіпсіз әлем құруда Еуроодақ Құрама Штаттармен, халықаралық серіктестерімен және мұсылман әлеміндегі достарымен бірге әрекет етуде», - делінген Еуроодақ басшылығы жасаған мәлімдемеде.