Усама бен Ладеннің көзін жою лаңкестікке қарсы халықаралық күрестегі оң қозғалыс болып табылады - ҚХР СІМ
ЖІҢ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай «Әл-Кайеда» жетекшісі Усама бен Ладеннің көзі жойылғаны туралы АҚШ-тың мәлімдемесін назарға қабылдады және
бұл маңызды оқиғаны лаңкестікке қарсы халықаралық күрестегі оң қозғалыс деп санайды. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Цзян Юй ханым мәлім етті.
Қытай дипломатының атап көрсетуінше, лаңкестік - халықаралық қоғамдастықтың ортақ жауы. Қытай да лаңкестіктен зардап шегіп отыр. Лаңкестіктің кез келген көрінісіне наразы Қытай мемлекеті, лаңкестікке қарсы халықаралық күреске белсенді атсалысуда.
«Қытай тарапы лаңкестікке қарсы күресте радикалды және паллиативті шаралар қабылдау, лаңкестікті туғызатын жағдайларды түп-тамырымен жою керек деп есептейді», - деп атап көрсетті Цзян Юй ханым.