Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Усама бен Ладеннің көзін жою жайлы кітап авторы АҚШ үкіметіне $6,6 млн төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандағы «Әл-Каида» террорлық тобының жетекшісі Усама бен Ладеннің көзін жою операциясы жайында кітап жазған америкалық арнайы жасақтың отставкадағы жауынгері қол қойылған құпия ақпаратты таратпау туралы келісімді бұзғаны үшін АҚШ билігіне $6,6 млн төлейді.

  Усама бен Ладеннің көзін жою жайлы кітап авторы  АҚШ үкіметіне $6,6 млн төлейді

Бұл туралы жұмада Associated Press (AP) агенттігі хабарлады.

Үкімет Биссонетт (авторын Марк Оуэн бүркеншік есіммен шығарған) кітап  жарық көрер  алдында АҚШ қорғаныс министрлігі мен басқа ведомстволарға оны ықтимал құпия мәліметтердің болуы тұрғысынан  рецензиялауға мүмкіндік бермегенін мәлімдеді.

Мәміленің шарттарына сәйкес Биссонетт төрт жыл ішінде билікке $6,6 млн төлеуге міндеттеледі. Бұл бұрынғы қызметкердің кітапты сатудан түсірген пайда сомасына тең.

Усама бен Ладен  2011 жылы 2 мамырда бірнеше жыл жасырынып жатқан пәкістандық Абботабад қаласында америкалық арнайы жасақтың құпия операциясы нәтижесінде өлтірілді.