Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Усэйн Болт «Президент наградасымен» марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылы спорттық карьерасын аяқтаған сегіз дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт  Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы федерациясының (IAAF) арнайы марапатына ие болды.

Усэйн Болт «Президент наградасымен» марапатталды

Ямайкалық желаяқтың «Президент наградасымен» марапатталғаны туралы жыл сайын Монакода дәстүрлі түрде өтетін IAAF Athletics Awards марапатын тапсыру рәсімінде жария етілді, деп хабарлайды ТАCC . Спортшыының өзі салтанатқа қатыспаған.

Болт ағымдағы жылы тамызда Лондонда өткен әлем чемпионатынан соң, 31 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда спорттық жолын аяқтаған болатын.

Еске сала кетсек, британ астанасында 11 дүркін әлем чемионы 100 метрлік қашықтықта қола еншіледі.