Үш апалы-сіңлілі бір күнде, бір ауруханада босанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландияда аса ерекше оқиға болды. Каслбар қалашығындағы ауруханада үш апалы-сіңлілі өз сәбилерін бір күнде, сейсенбіде босанды, деп хабарлайды RTE News.
None
None

Жас аналардың сөздеріне қарағанда, бұл ерекше сәйкестік, дәрігерлер алдын ала босанатын күндерінің әр уақытта күтілетінін айтқан көрінеді. Содан да шығар, тап мұндай болатындығы тіпті ойларына да келмепті.

Апалы-сіңлілер таңертеңгі 3-тен кешкі 9-ға дейін босанған. Осы аралықта екі бала мен бір қыз жарық дүниенің есігін ашты.

Дәрігерлер өздері жұмыс жасайтын ауруханада мұндай қызықты жайттың, бір жанұяның үш мүшесі бір күнде босануының тұңғыш рет кездескенін айтады.

Соңғы жаңалықтар