Үш әрпі бар бір жапырақ қағаз 40 мың долларға бағаланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық сатушы онлайн-сауда арқылы көк қаламсаппен «The» сөзі жазылған бір жапырақ қағазды саудаға қойып, шамамен 40 доллар табысқа қол жеткізді, деп хабарлады News.com.au.

Үш әрпі бар бір жапырақ қағаз 40 мың долларға бағаланды

Аукционның баспасөз қызметінің жетекшісі лот «ерекше», алайда заңды екенін растады.

« Sweatyman» никті австралиялық өзінің ерекше лотын eBay аукционында сатқан. Ол өз тауарын ұсынғанда, оған сипат берген: «The» сөзін сатамын. Ол А4 форрматындағы бір жапырақ қағазға көк қаламсаппен жазылған. Бұл сөз мыңдаған сөйлемде қолданылады». Сатушы «The» сөзі бар сөйлемдерді де мысалға келтіріп, лоттың «өте жақсы» екенін айтқан.

Лот түрлі заттардың арасындағы бір жапырақ қағаздың суреттерімен толықтырылды. «Ноутбукте жақсы көрінеді. Теңіз айғұлақтарының әсемдігін аша түседі. Гүлдер мен фортепианоға ерекше сән береді», - деп Sweatyman өз тауарын жарнамалады. Сондай-ақ ол сатып алушыларды тегін жеткізу қызметімен қызықтырған.

Өз тауарының кемшін тұсы ретінде Sweatyman «T» әрпі түсінің сәл кетуін ғана атаған.

Сатып алушылардың өтініш беру мерзімінің аяқталуына дейін, тап 25 мамырда оның құны 40 мың АҚШ долларынан асқан. 24 мамырда бұл тауарды 10 мың долларға сатып алуға дайын болған. 26 мамырда лот eBay сайтынан алынып тасталды. Оны ресурс әкімшілігі немесе иесінің өзі алып тастағаны туралы хабарланбады.