Үш ай бойы ес-түссіз жатқан жасөспірім Роналду голынан кейін комадан шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» польшалық 14 жасар жанкүйері Криштиану Роналдудың голынан кейін комадан шықты, деп хабарлайды vesti.kz.

Үш ай бойы ес-түссіз жатқан жасөспірім Роналду голынан кейін комадан шықты

Велосипедтен құлаған жасөспірім үш ай бойы ес-түссіз жатқан. Дәстүрлі ем көмектеспеген соң амалы таусылған дәрігерлер ерекше тәсілге жүгінуге бел байлайды. Олар балаға «Реал» мен Португалия құрамасының ойындарын тыңдатып отырған.

Көп ұзамай бұл әдіс өз жемісін берді. Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Португалия мен Швеция құрамалары арасындағы матчта Криштиану Роналду доп соққан мезетте бала көзін ашқан екен. Осы аптада Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчынан кейін «Реал» жанкүйері Роналдумен жолығыпты. Португалиялық жұлдыз жасөспіріммен бірге суретке түсіп, сыйлыққа жейдесін табыс етті.