Үш айда 3,8 мың жұп ажырасқан

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірінші тоқсанда 3,8 мың ерлі-зайыпты заңды некесін бұзған. ҚазАқпарат бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш айда 3,8 мың жұп ажырасқан

Биылғы үш айда ел өңірлерінде 24,5 мың неке тіркелді. Бұл 2022 жылдың үш айымен салыстырғанда 10,6% төмен. Некелесу коэффициенті 1000 адамға 5,0 некені құрады.
Сондай-ақ осы кезеңде 3,8 мың жұп ажырасқан (АХАТ органдарының дерегі бойынша соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда). Бұл 2022 жылғы кезеңнен 5,6% аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,79 құрады.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 832 737 адамды құрағанын мәлім етті. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 259 453, ауыл тұрғындары – 7 573 284 адам.