Үш айда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 14,1 млрд теңге ӘМСҚ жарнасы түсті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылдың наурыз айында 5,5 млрд теңгеден аса жарна түскен. Ал 2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 14,1 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 7,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 6,5 млрд теңге.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі», - дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.