Үш айда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,5 пайызға өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үш айда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,5 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалуда. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында өндіріс көлемі 6,5 пайызға өсті. Барлық өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында байқалуда», - деді Әлібек Қуантыров.

Оның атап өтуінше, өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 11,3 пайызға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 14,8, вагондар мен локомотивтер өндірісінің – 13,3, құрылыс материалдары – 12,4, дайын металл бұйымдары – 11,0, пластмасса бұйымдары – 15,2, фармацевтикалық өнімдері – 18,2, сусындар – 19,0, киім өндірісінің 13,0 пайыз өсімі қамтамасыз етілді.

«Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1 пайызға ұлғайды. Салалар бөлінісінде өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 17,1, газ өндіруде – 8,2, шикі мұнай өндіруде 7,6, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 6,3, металл кендері мен көмір өндіруде 1,9 пайызды құрады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар