Үш аймақта күн бұзылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш аймақта күн бұзылады

26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Петропавл қаласында күн күркірейді.

26 маусымда Атырау облысында солтүстіктен соққан желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау қаласында да солтүстіктен секундына 15-18 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.

27-28 маусымда Ақмола облысында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

27-28 маусымда ауа температурасы түнде +2-10, күндіз +10-18 градусқа дейін төмендейді.