Үш бағыттағы жол құрылысын жобалау жұмыстары жүріп жатыр - Қайырбек Өскенбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде 3 жол құрылысына қатысты жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш бағыттағы жол құрылысын жобалау жұмыстары жүріп жатыр - Қайырбек Өскенбаев

«3 жолға қатысты жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, Орал қаласын оңтүстік-батыс айналып өту арқылы «Атырау - Орал» жобасы (521 шақырымда) ескерілген. Сонымен қатар, «Жезқазған - Қарағанды» (513 шақырымда), «Ақтөбе - Ұлғайсын» (262 шақырымда) жолдары бар», - деді Қ. Өскенбаев.

Еске салсақ, биыл мамыр айында ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жергілікті атқарушы орган мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жол құрылысына қатысты тапсырмалар жүктеген болатын.

«Әкімдік жұмыстарды жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды уақтылы қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, салалық ведомство «Ақтөбе - Ұлғайсын» автожолының құрылысын қаржыландыру тетіктерін анықтап, жұмысқа кірісуі қажет», - деді Үкімет басшысы.


Видеодан алынған кадр