Үш баланы көлікпен қағып кеткен жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды - Алматы ІІД
АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Тергеу амалдары сегіз жастағы қыз баланың өліміне және екі кішкентай баланың жарақаттануына әкеліп соқтырған күрделі жол-көлік оқиғасына кінәлі болуы мүмкін азаматты анықтады.
Ол «Нисан Максима» көлігінің 1988 жылғы жүргізушісі болып шықты, деп хабарлайды Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінен.
«Кезекшілік тәулігінде біз оқиғаның куәгері болған әйелді таптық. Оның көз алдында балалар жолдан жүгіріп өтіп, келе жатқан «Ниссан» көлігінің доңғалағы астында қалды. Одан кейін қатты серпілген бойы қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Фольксваген Гольфтің» астына түсті. Жол-көлік оқиғасының куәгері процессуалдық тәртіпте сұралды. Оның түсініктемелері тергеу үшін өте бағалы болып, болған оқиға жарым-жартылай анықтауға көмектесті. Сот-автотехникалық сараптаманы және басқа да тергеу шаралары өткізілген соң барлығы бұдан да түсінікті болады. Қазіргі кезде «Нисан Максиманың» 24 жастағы жүргізушісі уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оған ҚР ҚК-нің 269 бабының 2-ші тармағы бойынша айып тағылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің бастығы, полиция майоры Салтанат Әзірбек.
Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйек күні сағат 15-те Саин көшесі бойынша оңтүстік бағытта жол жүріп келе жатқан «Фольксваген гольф» және «Ниссан Максима» көліктерінің жүргізушілері № 2 үйге қарсы, Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай кәмелеттік жасқа жетпеген жаяу жүргіншілер: 8 жасар Нұрай, оның төрт жасар інісі Нұртай және Аслан есімді бес жасар баланы қағып кетті. Қыз бала аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, ал балалар қаладағы бірінші балалар клиникалық ауруханасына жедел түрде жеткізілді.