Үш буынды сот жүйесіне көшу дауларды жедел шешуге мүмкіндік береді - А.Жұмағұлов
«Бүгінде заң үстемдігін және әділ соттың азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін біздің жүйенің реформасы жоспарлануда. Негізгі бағыттардың бірі - бес буынды сот жүйесінен үш буындыға көшу. Бұл бірінші кезекте, дауларды жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұдан бұрын талапарыз бірінші истанцияда, сосын апелляциялық, сосын облыстық сотта кассациялық, сосын Жоғарғы соттың қадағалау инстанцияларына беріліп, іс тағы да қаралатын. Ал енді жаңа реформаға сәйкес кез келген дау қысқа мерзімде өзінің соңғы шешімін табатын болады», - деді А.Жұмағұлов.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының кадр іріктеу жүйесін өзгерту бойынша талабын атап өтті. «Қазір сот жүйесінде кадр іріктеу қатаң тәртіппен жүзеге асады. Бұрын судья болу құқығы 25 жастан басталса, қазір оны 30 жасқа өзгерту жоспарлануда. Үміткер бір жыл тағылымдамадан, сынақ мерзімінен өтеді», - деп қосты ол.