Үш деңгейлі сот жүйесі өзінің тиімсіздігін көрсетті - Б.Бекназаров
АНА. 8 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін 2011 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров бүгінгі үш деңгейлі сот жүйесінің тиімсіз екендігін айтты.
Оның пайымдауынша, 2010 жылдың қаңтар айында енгізілген үш деңгейлі сот жүйесі бүгінде өзінің тиімсіздігін көрсетті. Ол бойынша аудандық соттарда үкім қаралады. Ал апелляциялық сот оны өзінше тексергеннен кейін, бұл жұмысқа нүкте қойылып, сот ісі жабылады. «Қазіргі кезде Жоғарғы сот жанындағы қадағалаушы сот алқаларының әрбір отырысында қабылданған сот актілеріне наразылық арыз-шағымдары көптеп қарала бастады. Бұл бүгінгі үш деңгейлі сот жүйесінің тиімсіздігін тағы бір мәрте дәлелдесе керек. Сондықтан, бүгінде біз сот өндірісінің құрылымын өзгерту мәселесін қойып отырмыз. Азаматтар шындықты іздеп, Жоғарғы сотқа сабылып келмей, жергілікті жерлерде әділетті шешімге қол жеткізуі тиіс. Осы орайда облыстық соттардың әлеуетін барынша пайдалану қажет», - дейді Б.Бекназаров.