Үш елдің басшыларына Кеден одағы үшін алғысымды айтамын - Елбасы поштасынан

АСТАНА.  Желтоқсанның 15-і.  ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына Пав­лодар қаласының тұрғыны Евге­ния Ивановна Трубниковадан жедел­хат келіп түсті,

  Үш елдің басшыларына   Кеден одағы  үшін  алғысымды айтамын - Елбасы поштасынан

деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

 Онда Евгения Ивановна Қазақ­стан­ның, Беларустің және Ре­сейдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаевқа, Алек­сандр Лукашен­коға және Дмит­рий Медведевке үс­ті­міздегі жыл­ы қарашаның 27-сінде Минс­кіде үшжақты кездесудің ба­ры­сында олардың 2010 жылғы  шілденің 1-інен  бастап Кеден одағы­ның біртұтас ке­ден аумағын енгізу туралы уағдаластыққа қол жет­кізгеніне ризашылығын білдіреді.

 "Нұрсұлтан Әбішұлы, Алек­сандр Григорьевич, Дмитрий Ана­тольевич! Осындай қиын уақытта сондайлық ұлы істі ат­қарып шық­қан сіздер жарай­сыздар! Сіздерге ден­саулық және ұзақ ғұмыр ті­леймін!" - делінген жеделхатта.