15:46, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Үш фармацевтикалық компаниямен меморандумға қол қойылды ? Өскемен
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бұдан былай Өскемендегі үш жетекші фармацевтикалық компанияға қарайтын 11 дәріхана әлеуметтік баға белгіленген дәрі-дәрмек түрлерін сататын болады.

Өскеменде қала әкімі Темірбек Қасымжанов пен «Асфарм», «№101 дәріхана» және «КФК Медсервис плюс» компанияларының басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қол жеткізілген келісімдер фармацевтика өнімдерін жеткізушілерге дәрі-дәрмек түрлерін бөлшек бағалар бойынша, 15%-дан аспайтын үстеме қойып сатуды міндеттейді. Сондай-ақ, көп балалы аналарға, жас балалар мен еңбек және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, зейнеткерлерге дәрі-дәрмек 10%-ға дейін төмендетілген бағамен сатылады. .
Қол қойылған келісімдерге түсініктеме берген Темірбек Қасымжанов дағдарысқа қарсы қолданылып жатқан шаралар ауқымында, әлеуметтік әлсіз жіктерге қолдау жасау, ерекше маңызға ие болады, деп атап өтті.Меморандумға қол қою шараларына облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Эрнест Қалиев қатысты.