Үш фотограф туындыларын заңсыз пайдаланған сайттардан қомақты ақша өндіріп алды
Қазақстандағы танымал фотографтың материалын рұқсатсыз пайдаланған онлайн платформа авторлық құқықты бұзғаны үшін өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Шолпан Әбдірееваның редакцияның сауалына берген жауабында осындай дерек келтірілген.
«Қазақстандағы танымал фотографтың фотосуреттері бір онлайн платформада пайдаланылды. Фотограф заң бұзушыға шағымданып, өз объектілерін алып тастауды талап етті. Бұдан әрі құқық бұзғаны үшін өтемақы төлеу бойынша азаматтық талап арыз беріп, сот оң шешім шығарды», - деп жазады Шолпан Әбдіреева.
Ведомствоның мәліметінше, осыған ұқсас тағы екі іс тіркелген.
«Осыған ұқсас талаптар тағы екі фотографтың құқықтарының бұзылуына байланысты берілді. Әр фотографтың пайдасына 300-600 мыңнан астам теңге өндірілді», - деп жазылған жауапта.