Үш қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
АСТАНА. KAZINFORM - 27 тамызда Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін СҚО-да қыркүйекте күн райы қандай болатыны туралы жаздық.